• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Тамыз, 2024

Демеу Жадыраев Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

290 рет
көрсетілді

Грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекеде Қазақстан балуаны жапониялық Нао Кусакаға есе жіберіп, Париж Олимпиадасының күміс медалін иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл 20 жылдан кейін алғаш рет грек-рим күресінен Қазақстан спортшысының финалға шығуы. 2004 жылғы Афина Олимпиадасында аса ауыр салмақ дәрежесінде Георгий Цурцумия күміс жүлдеге қол жеткізген еді.