• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Денсаулық 19 Қыркүйек, 2024

Сырқаты ауыр балаларға қамқорлық

76 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі балаларға онкологиялық және гематологиялық көмекті ұйымдастыру стандартын әзірлеп, бекітті. Енді осы бағыттағы медициналық көмек сапасы бұрынғыдан біршама ілгерілеуге тиіс.

Денсаулық сақтау ми­нистрі­нің бұйрығымен бекітілген құжат он­ко­­­логиялық және гемато­ло­гия­­­лық аурулары бар балаларды диагностикалау мен емдеудің сапасын жетілдіреді. Яғни бұл бас­тама медициналық көмектің бар­лық деңгейін, бастауыштан ма­мандандырылған медицина­лық көмекке дейін жақсартуға ба­ғыт­талған. Статистикаға үңілсек, елде диспансерлік есепте қатер­лі ісіктердің ремиссиясында 4 000-ға жуық бала бар. Ол аздай, жыл сайын орта есеппен 600-ге жуық баладан осы дерттің белгілері ­анық­талады.

Балалар онкологиясы мен гема­тологиясының ауруларын емдеуде ерекше әдіс-тәсілді қажет етеді. Өйткені балаларда кездесетін аурудың осы түрі құрылымы, нәтижелері және емдеуде әдіс­тері жағынан ересектерден ерек­шеленеді. Жаңа стандарт кіш­кен­тай пациенттерге кешенді және тиімді көмек көрсетуге барлық талап пен ұсынымды тұң­ғыш рет бір құжатқа біріктіріп отыр. Емдеу­дің жаңа әдіс-тәсіл­дері, ережелері, бәрі-бәрі түгел құжатта бекітіл­ген. Айта кету керек, бұрын-соңды елде онколо­гия­лық, гематология­лық ауру­лары бар балаларды диаг­нос­тикалау мен емдеудің қағида­лары топтастырылған дәл осын­дай құжат болмаған.

Бекітілген стандарттар им­му­­но-гистохимия және имму­нофенотиптеу секілді диаг­нос­тиканың озық әдістерін, сондай-ақ жоғары дозалы химиотерапияны, ағза­ны сақтайтын операцияларды және гемопоэздік дің жасушала­рын транспланттаудың барлық түр­ін қолдануды көздейді. Бұл аурулар­­ды мейлінше жылдам әрі дәл анық­тау­ға және тиім­ді емдеуге мүмкін­дік береді. Бала­ларды диагностика­лау және емдеу онколог мамандар­дың, хирург­тер­дің, реаниматологтер­­­дің және басқа да дәрігерлердің муль­ти­дис­циплиналық команда­ның қаты­суымен көпбейінді балалар стацио­нарларында іске асырылатын мін­детті көп деңгейлі тәсіл де алғаш рет енгізілді. Осылайша, әрбір балаға бір бағытта ғана емес, жан-жақты медициналық көмек көрсетіледі.

Жаңа стандартпен балалар емде­летін медициналық ұйым­дарды жарақтандыру жө­нін­де де нақты талаптар бел­гіленген. Онкология­лық және гемато­ло­гиялық көмекті үй­лесімді ұйым­дастыру үшін әуелі медицина­лық ұйымдардың керек-жарағы түгел болуға тиіс. Бірді-екі­лі кем­ші­ліктер дәрігерлерге қол­бай­лау болмауы қажет. Сонда ғана онко­логиялық және гематоло­гия­­лық ауруға шалдыққан балалар­ды емдеу бойынша бекітіл­ген талап­тар орындалып, емдеу сапасы жоғарылайды. Осыған қоса, құ­­жат­та науқастардың ауруханада болу мерзімін қысқарту және бала­лар­­­ды үйге жақын меди­ци­налық ұйым­­да емдеу мүм­кін­дігі қарастырыл­ған. Бұл талап сыр­қаттанған бала­лар­дың отба­сына жүктемені азай­ту мақ­сатында қабылданып отыр. Бір сөз­бен айт­қанда, жаңа стандарттар бала­лар онкологиясы мен гема­тологиясы бағытында отан­­дық меди­цинаның әлеуетін ны­­ға­й­туға мүмкіндік береді, ем­ша­ра­лар­дың тиімділігін арттыруға септеседі.