Ел аумағында заңсыз жүрген шетел азаматтары ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданына қарасты ауылдардың бірінде полиция қызметкерлері көршілес мемлекеттің 7 азаматын анықтаған.
Жылыжайда жұмыс істеген оларға заңсыз жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан аумағына кіру бойынша ҚР-ның заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған шетелдіктерді енді елден шығару мәселесі қарастырылып жатыр.