Теміртау қаласының 63 жастағы тұрғыны полицияға арызданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зейнеткердің айтуынша, ол өзінің есепшотын тексерген кезде 2 миллион теңгесі жоқ екенін байқаған.
Полицейлер күдікті ретінде зейнеткердің немересін ұстады. Жасөспірім қомақты қаржының көп бөлігін өз қажетіне жұмсағанын айтқан.
Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.