• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Желтоқсан, 2024

100-ге толған 20-дан астам қария жаңа құжат алды

70 рет
көрсетілді

Елде биыл ғасырлық мерейтойын атап өткен 20-дан астам қария құжат алған, деп жазады Egemen.kz.

Биыл құжаттанған ғасыр куәгерлерінің ең үлкені – 110 жаста. Ол – Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының тұрғыны Оңай Бекбаева. Облыс полицейлері жаңа жыл қарсаңында өңірдің ең қарт тұрғынына жаңа жеке куәлік пен төлқұжат тапсырды.

ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің мәліметінше, биыл Қазақстанда 1,5 миллионнан астам жеке куәлік пен 2,5 миллион төлқұжат берілген.

Еске салайық, денсаулығы нашарлаған және күнделікті жүріп тұруы қиын адамдарға көші-қон қызметтері тұрғылықты жері бойынша ұсынылады.