• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Желтоқсан, 2024

БАӘ-де ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

52 рет
көрсетілді

Біріккен Араб Әмірліктерінде жеңіл моторлы ұшақ Рас-әл-Хайма әмірлігінің жағалауында теңізге құлап қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азаматтық авиацияның бас басқармасы (GCAA) жұмыс топтары мен тиісті органдар оқиғаның себебін анықтау үшін тергеу амалдарын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяның Муан халықаралық әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлаған едік. Ұшақ бортында 181 адам болған. Алдын ала ақпарат бойынша 179 адам қаза тауып, 2 адам тірі қалған.