• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Үкімет 08 Қаңтар, 2025

Бюджет-салық және тариф саясаты: Үкімет жаңа тәсілдер әзірлейді

68 рет
көрсетілді

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер аясында жақын арада бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер ұсынылатынын атап өтті.

«Президент «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Үкіметтің міндеті экономиканың өсімін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту екенін атап өтті. Біз қарқынды экономикалық өсімді қамтамасыз етуіміз қажет.  Осыған орай, Премьер-министрдің орынбасары Серік Мақашұлының жетекшілігімен Үкіметтің экономикалық блогы сарапшылар тобымен бірлесіп, бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеп жатыр. Оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру саласына қатысты мәселелер де бар. Аталған тәсілдер сарапшылар қауымдастығымен жан-жақты талқылаудан кейін ұсынылады», деп атап өтті Олжас Бектенов.