• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 10 Қаңтар, 2025

Қысқы универсиада: Спортшы студенттер Туринге аттанды

51 рет
көрсетілді

Италияның Турин қаласында өтетін XXXII Дүниежүзілік қысқы универсиадаға қатысатын ел намысын қорғайтын спортшы студенттеріміздің бірінші тобы жолға шықты, деп жазады Egemen.kz.

8 қаңтардан 9 қаңтарға қараған түні Туринге бірінші болып хоккей жарысында жүлдеге таласатын  Қазақстан құрамасының өкілдері ұшты. Олардың ішінде қысқы универсиаданың ашылу салтанатында мемлекеттік туды алып шығатын хоккейші Абылайхан Сүлейменов те бар. Сондай-ақ 9 қаңтардан 10 қаңтарға қараған түні шаңғы жарысы бойынша 16 адам, парашаңғы жарысы бойынша атлет универсиадаға аттанды.