Қызылорда облысының барлық ауданында полиция бөлімдерінің Жедел басқару орталықтары іске қосылды. Кез келген қылмыстың ізін суытпай ашуға септігін тигізетін бұл жоба Ішкі істер министрлігінің бастамасымен және Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен елімізде алғаш рет цифрлық мүмкіндіктерді кеңінен қолданатын Сыр өңірінде жүзеге асып отыр.
Бірегей «Жедел басқару орталығы» жобасы аясында әр ауданға 77 бейнебақылау камерасы мен жылдамдықты өлшегіш 7 құрал орнатылды. Осы арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу әрекеттерін анықтау айтарлықтай оңайлай түсті. Бұл – қоғамда тәртіп иммунитетін күшейтуге жол ашатын маңызды қадамның бірі.
Жедел басқару орталықтары құқық бұзушылықтардың алдын алудан бөлек оқыс жағдайға ұшыраған азаматтарға дер кезінде көмек көрсетуге септігін тигізіп, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік береді.
Өткен жылы осындай камералар көмегімен 138 қылмыс ашылып, 50 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.
Қызылорда