• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Қаңтар, 2025

Саран қаласында дүкен сатушысын пышақтаған күдікті ұсталды

132 рет
көрсетілді

Қарағанды облысына қарасты Саран қаласында дүкен сатушысына шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгісіз ер адам аталған қаладағы азық-түлік дүкенінің сатушысына пышақпен шабуыл жасап, қашып кеткен. Әйел адам алған жарақаттарынан қайтыс болды. Қайғылы оқиға 22 қаңтарда болған.

«Саран қаласының 27 жастағы тұрғынын өлтіру фактісі бойынша жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті ұсталды. Қарағанды облысы ПД тергеу тобы 50 жастағы ер адамды қамауға алды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр», деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар