• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Қаңтар, 2025

Трамп Колумбияға санкция салды

120 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Дональд Трамп Колумбияға қарсы бірқатар санкция енгізді. Оған елдің мигранттар мінген АҚШ ұшақтарын қабылдаудан бас тартуы себеп болды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC мәліметіне сілтеме жасап.

Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі аккаунтында оған «көптеген заңсыз қылмыскерлерді тасымалдаған АҚШ-тан келген екі репатриация ұшағының Колумбияға қонбайтынын» хабарланғанын жазды. 

Оның айтуынша, бұл қадам АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтіреді, сондықтан ол Колумбияға қарсы әртүрлі шараларды қолдануға бұйрық берді, соның ішінде:

АҚШ-қа кіретін барлық тауарларға 25% жедел тарифтер; 

Колумбия үкіметінің шенеуніктері, олардың барлық одақтастары мен жақтастары үшін саяхатқа тыйым салу және визаларды дереу жою; 

Колумбия үкіметінің барлық партия мүшелеріне, олардың отбасы мүшелеріне және жақтастарына қарсы визалық санкциялар.