• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Қаңтар, 2025

Ер адам ұрылармен бірге туысының пәтерін тонаған

70 рет
көрсетілді

Қаңтар айының басында Ақтөбедегі пәтерден 10 млн теңге қолды болған, деп жазады Egemen.kz.

Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері төрт күдіктіні анықтап, ұстады. Олардың арасында жәбірленушінің туысы бар екені белгілі болды. Күдікті сыбайластарына туысының үйінде қолма-қол қомақты қаржы бар екенін айтып, көмек көрсеткен. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, олар ұрлаған қаржыны өз қажеттіліктеріне жұмсап, несиелерін төлеген. Қалған соманы ойын-сауыққа жойған. 

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.