• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Еңбек 28 Қаңтар, 2025

Еңбек нарығындағы екпінді үрдіс

70 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік экономикалық форумның (WEF) зерттеуін­ше, технологиялардың дендеп енуі, адам мен машина арасын­дағы еңбек бөлінісінің өзгеруі алдағы жылдары 85 миллион жұмыс орнын еңбек нарығынан ығыстырып, мүлдем басқа дағдыларды қажет ететін 97 миллион жұмыс орнының пайда болуына әкеледі. Жаңа өмір шындығына бейімделу адам мен роботтың өзара әрекеттесуін талап ететіні барған сайын сезіледі.

Жаһандық цифрландыру, тұрақты дамуға ұмты­лыс, электрондық коммерция қарқыны, халықаралық стандарттардың әсері ішкі ең­бек нарығындағы өзгерістер­дің қозғаушы күшіне айналды. Бүгінгі таңда жұмыс беруші­нің назары белгісіздік жағ­дайын еңсере алатын, цифрлық дағдыны меңгерген, жаңа технологияларды игеруге қабілетті мамандарға ауған. Big Data және бизнес-үдерістер­ді автоматтандырудың дамуымен деректер талдаушылары және жоба мамандары еңбек нарығында лайықты орын алды. АҚШ, Еуропа компаниялары­ның деректерді автоматтанды­­рыл­ған талдау технологияларын белсенді қолдануы дамыған елдердің бизнес тиімділігін барынша арттыруға ықпал ететін құралдарға баса көңіл бөлетінін көрсетеді.

Өткен жылы IT саласы мамандарына сұраныс жоғары деңгейде болды. Hh.kz мәліметінше, бұл сектор барлық жарияланған бос жұмыс орындарының 20%-ын құрады. Жұмыс берушілер бағдарламалық жасақтама жасаушыларды (Full Stack, Backend, Frontend), кибершабуылдардың көбеюіне байланысты киберқауіпсіздік мамандарын, жүйелік талдаушылар мен деректер инженерлерін, ЖИ инженерлері мен машиналық оқыту мамандарын іздеуді жалғастырды. Бастауыш әзірлеушінің орташа жалақысы 600-800 мың теңге төңірегінде болса, жетекші инженерлердің еңбекақысы 2 миллион теңгеге дейін барады. LinkedIn Global Talent Trends мәліметі де кейінгі бес жылда жасанды интеллект мамандарына жа­һандық сұраныс 74%-ға артқанын алға тартады. Мұндай елеулі өзгерісті қа­перден қалт жібермейтін Еуроодақ елдерінде компаниялар қызметкерлерді жаңа технологиялармен жұмыс істеуге бейімдеу үшін қайта даярлау (reskilling) бағдарламаларын белсенді түрде енгізіп жатыр. Біздің елімізде де IT саласындағы бос жұмыс орындарының 15%-ы ЖИ авто­маттандырумен байланысты. Еңбек нарығы саласындағы сарапшылар жұмыс берушілер де IT-дегі кадр тапшы­лы­ғын қысқарту барысында осындай тә­жіри­­­бе­лерге көңіл бөлуі керек деп есеп­тейді.

Цифрлық дәуір сату, маркетинг сек­торының, әсіресе электрондық ком­мерцияның дамуын шапшаңдатты. Былтыр сауданың бұл түрі 35%-ға өсіп, сектордағы бос жұмыс орындарының көлемін 20%-ға арттырды. Сату жөнін­дегі менеджерлердің жалақысы 400 мың теңгеден басталып, ірі B2B-компа­ния­ларда 1,2 миллион теңгеге жетеді. Компанияларда креативті тәсілді сарап­тамалық дағдымен үйлестіре ала­тын кадрлар, стратегиялық қарым-қатынас орнатуға қабілетті сату менед­жер­­лері, SEO, SMM, контекстік жарнама тә­жіри­бесі бар диджитал маркетологтері, CRM, маркетингті автоматтандыру ма­ман­дары жоғары сұранысқа ие.

Сонымен қатар елімізде инфра­құры­лымдық, энергетикалық жобалардың өсуі барысында инженерлер мен өндіріс мамандарына сұраныс айтарлықтай өсті. Жұмыс берушілердің таңдауы инженер-технологтерге, өндірісті автоматтандыру жөніндегі мамандарға, энергия тиімділігі, тұрақты даму жөніндегі сарапшыларға түсіп отыр. Мысалы, құрылыс саласындағы инженерлердің жалақысы кейінгі екі жылда 18%-ға өсіп, орташа төлем деңгейі 500 мыңнан 1,5 мил­лион теңгеге дейінгі аралықта қалыптасты. Сарапшылардың болжа­уынша, алдағы бес жылда құрылыс пен энергетикада инженерлік кадрларға қа­жеттілік сақталып, тұрақты жобалар мен жасыл технологиялар негізгі бағыт­тарға айналмақ.

Барлық салада мамандарға қойы­латын жаңа талаптар цифрлық дағды­ларды қамтиды. Тіпті бухгалтер немесе заңгер сияқты дәстүрлі кәсіптер сараптауды, сандық шешімді қажет етеді. McKinsey мәліметтері бо­йынша 2030 жылға қарай жұмыстың 40%-ы авто­мат­­тандырылуы мүмкін. Сонымен қа­тар отандық жұмыс беру­шілер жа­һан­­дық экономикаға табысты кірігу мақ­­сатында ағылшын тілін, халық­аралық тәжірибені жақсы мең­герген үміт­керлерге мойын бұрмақ. Жұмыс беру­шілер қызмет­кер­лерге ар­налған білік­тілікті арттыру бағ­дар­ламаларын енгізе бастайды.

2028 жылға қарай IT саласының мамандарына сұраныс тағы 30%-ға өсетіні болжанып отыр. Сондай-ақ экологиялық жобалар инженерлер мен тұрақты даму мамандарына арналған жаңа жұмыс орындарын ашады. Электрондық коммерция – сату мен маркетинг мамандары үшін дамудың негізгі көзі. Еңбек нарығы жаһандық үдерістер мен жергілікті өзгерістердің ықпалында болғандықтан, жұмыскердің кәсіби деңгейі цифрландыру, тұрақты даму, жаһандық қосылған құн тізбегіне интеграциялану сынды өл­шемдермен байланысты болып қала бе­реді. 

Соңғы жаңалықтар