• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Үкімет 28 Қаңтар, 2025

Үкіметтің кеңейтілген отырысында кімдер баяндама жасайды

100 рет
көрсетілді

Бүгін Астанада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Ақорда 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму жолы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалатын  маңызды жиында баяндама жасайтын шенділерді жария етті. 

«Күн тәртібіне сәйкес, жиында Премьер-Министр Олжас Бектенов, Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасайды», делінген хабарламада.