• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қаңтар, 2025

Екі облыс аумағында автожол бөліктері жабылды

142 рет
көрсетілді

Аталған шектеу туралы шұғыл ақпаратты «ҚазАвтоЖол» мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

29 қантар сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар мына тасжолдарда көліктің барлық түрі бойынша қозғалысқа шектеу қойылды:

Ұлытау облысы: - «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 37-252 шақырым аралығындағы учаскесі (Сәтбаев қаласынан Қостанай облысының шекарасына дейін).

Қостанай облысы: - «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 252-339 шақырым аралығындағы учаскесі (Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін).

Аталған жолдардың ашылуы 30 қаңтар сағат 07:00-ге жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар