• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Ақпан, 2025

Өртеніп жатқан көліктен екі адамды құтқарған азамат марапатталды

83 рет
көрсетілді

2 ақпан түнде Астанада екі көлік соқтығысып, салдарынан өрт шыққан, деп жазады Egemen.kz.

Есіл ауданындағы жол-көлік оқиғасы болған жерден өтіп бара жатқан Алтай Мырзабаев дереу өртті сөндіріп, адамдарды құтқаруға кіріскен.

Осылайша, ол соққыдан қысылған екінші көліктегі екі адамды аман-есен қауіпсіз жерге алып шыққан. 

Ал 112 қызметі өртті толық сөндіріп, зардап шеккендер жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылған.

Қысыл-таяң шақта адам өмірін арашалап қалған азаматты Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Құтқарушы Алтай Мырзабаев та Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің бас инспекторы қызметін атқаратыны белгілі болды.