Сербияда «Белград жеңімпазы» бәсекесі бүгін басталды, осы айдың 10-ы күні аяқталады, деп жазады Egemen.kz.
Айта кетсек, «Белград жеңімпазы» бәсекесі Еуропадағы ең тарихы бай жарыс саналады, осы жолы 62-ші рет өтіп жатыр.
Аталған додада 11 салмақ бойынша 15 боксшымыз жұдырықтасады.
Қазақстан бокс федерациясы тізімді жария етті:
48 келі: Нұрғиса Тұрабеков. 51 келі: Рамазан Нұрлыбаев. 54 келі: Бексұлтан Боранбек, Нұрсұлтан Алтынбек, Кенже Мұратұлы. 57 келі: Жансері Көшербаев. 63.5 келі: Бекзат Макжан. 67 келі: Илья Калинин, Нұрбек Мурсал. 71 келі: Өнер Сейілхан. 75 келі: Бақберген Алиасқаров, Санжарәлі Бегалиев. 80 келі: Ильяр Аширов. 86 келі: Дәурен Мамыр. +92 келі: Нұрасыл Асылхан.