Шетелге шыққысы келетін кей қазақстандықтар мемлекеттік төлқұжатты тегін ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айталық, былтырғы жылы 102 мың азамат паспорт алу үшін төленетін баж салығынан босатылған.
Ішкі істер министрлігі көші-қон қызметі комитеті Халықты құжаттандыру басқармасының аға инспекторы Айнұр Байгеленованың айтуынша, мемлекеттік құжатты алу үшін баж салығын төлемейтін азаматтардың санаты бар.
Салық кодексінің 622-бабына сәйкес:
ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар;Кеңес одағының батырлары;Социалистік еңбек ерлері;Мүгедектігі бар азаматтар (барлық топ); Бала кезінен мүгедек болған азаматтың ата-анасының бірі;Қарттар мен мүгедектерге арналған мекемелерде тұратын егде жастағы адамдар;Жетім балалар және балалар үйлерінде немесе интернаттарда тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;«Батыр Ана», «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерінің иелері;Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтарға төлқұжат тегін беріледі.