• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Тұлға 11 Ақпан, 2025

Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова 80 жаста

180 рет
көрсетілді

Қазақ радиосының сандуғашы атанған диктор Сауық Жақанова 80 жасқа толды, деп хабарлайды Egemen.kz. Қазақ радиосының «Алтын қорындағы» әдеби-сазды хабарлардың 80 пайызы оның даусымен жазылған.

Сауық Жақанова 1945 жылы 11 ақпанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданына қарасты Еркіндік ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.

1966-2002 жылдары Қазақ радиосында диктор, 1998-2000-жылдары Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сахналық сөйлеу пәнінің дәріскері болды. 2000-2013 жылдары Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің журналистика факультетінде оқытушылық етті. 

Жоғары оқу орындарының студенттеріне арнап «Сөйлеу техникасы» (2002), «Жүргізушінің сөйлеу мәдениеті» (2004) жинақтарын жазды. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1985).