• RUB:
    6.33
  • USD:
    513.74
  • EUR:
    569.17
Басты сайтқа өту
Дін 19 Ақпан, 2025

Рамазан айы қарсаңында жаңа Telegram-бот іске қосылды

86 рет
көрсетілді

Биыл Рамазан айы 1 наурызда басталады. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат мәселелері бойынша ақпарат таратып, кеңес беретін @MuftyatBot әзірледі, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа Telegram бот Рамазан айында пайдаланушылардың  сұрақтарына жауап беру үшін арнайы әзірленген. 

Астана, Алматы, Шымкент және еліміздің өзге де қалаларына арналған ауыз ашар мен ауыз бекіту кестесін  https://t.me/muftyatbot  арнасынан жүктеп, көруге болады. 

Айта кетейік, наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі тойланады. Ал пітір садақа мөлшері 655 теңге болып бекітілді.