ADAM компаниялар тобы 2024 жылы «SU BEREKE» брендімен отандық алғашқы 30 жаңбырлатып суару машиналарын өндірді, олардың 7-уі ШҚО-да жинақталды, деп жазады Egemen.kz.
Жаңбырлатып суару машиналары суды егістіктерге бірқалыпты таратуға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде оның шығынын 30-40% азайтады.
«SU BEREKE» маркалы жаңбырлатып суару машиналарын өндіретін екінші зауыт Шығыс Қазақстан облысында іске қосылады. Жаңа зауыттың өндірістік қуаты жылына 1000 жаңбырлатып суару машинасына дейін жетеді.
Өнім сондай-ақ Орталық Азия мен ТМД нарықтарына бағытталатын болады.