• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Бокс 27 Ақпан, 2025

Боксты Олимпиада ойындарында сақтап қалу қажет - Головкин

60 рет
көрсетілді

26 ақпан күні Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) World Boxing халықаралық федерациясын уақытша мойындағанын ресми түрде жариялады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Осы бастамаға қатысты Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин пікір білдірді. 

Геннадий Головкин ХОК-тың World Boxing халықаралық федерациясын уақытша мойындауы маңызды жетістік екенін атап өтті. 

«Бұл шешім боксты Олимпиада ойындарында сақтау жолындағы мақсатымызды тағы бір қадам алға жақындатады. Мен World Boxing-ті қолдайтын барлық адамдардың үздіксіз еңбегінің арқасында осындай нәтижеге қол жеткізгенімізге қуаныштымын. Болашақ спортшылар мен болашақ чемпиондар үшін біздің ортақ мақсатымыз – адалдық пен бейтараптық қағидаттарына негізделген Халықаралық федерация құру», деді Геннадий Головкин.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті осы бағытта әлі де ауқымды жұмыс атқаруға дайын екенін жеткізді.