• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Алматы 03 Наурыз, 2025

Алматыдан 122 шақырым қашықтықта жер сілкінді

60 рет
көрсетілді

Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы жер сілкінісін тіркеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зілзала – бүгін Астана уақыты бойынша сағат 11:05-те тіркелген.

Дүмпу ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 122 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орын алған. Координаттары: 42.155º с.е. 76.487º ш.б. Тереңдігі – 15 шақырым. Энергетикалық класы – 9.99. Магнитудасы – 4.3. 

Сейсмологтардың дерегінше Қазақстан аумағында сезілмеген.