Белгілі журналист, медиа менеджер, жазушы Серік Әбікенұлы жаңа қызметке тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Бұған дейін ол «Қазақ газеттері» ЖШС директорының орынбасары, Алматы қаласы басылымдарының басшысы болған еді.
Енді ол журналист Серік Әбікенұлы «Хабар» агенттігі» АҚ Алматы филиалының директоры қызметін атқарады.
Серік Әбікенұлы Сарыбай – 1972 жылы, 3 қыркүйекте Талдықорған облысы, Кербұлақ ауданы, Балғалы ауылында туған. Мамандығы: журналист, тарихшы. «НТК», «31 арна» секілді телекомпанияларда Бас редактор, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. Тележурналистикадағы еңбек жолын 1998 жылы «Телефабрика» серіктестігінде бастап, «Анау-мынау», «Айтпақшы» бағдарламаларын шығаруға атсалысқан. 2000-2003 жылдар аралығында «Оңтүстік астана» телеарнасында Бас редакторлық қызметте жүріп, «Сойыл» атты тұңғыш тележобасын жарыққа шығарды. «31 арнаның» «Информбюро» жаңалықтар қызметінде 6 жыл жетекшілік еткен.
2013-2018 жылы «Парасат» саяси-қоғамдық журналының Бас редакторы және 2014 жылдан «Жетісу» телеарнасы директорының бірінші орынбасары, кейін осы арна директоры болып қызмет атқарған.