• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Қылмыс 11 Наурыз, 2025

Екібастұздағы барлардың бірінде есірткі сатылған

46 рет
көрсетілді

Павлодар облысында гаражда қарасора өсіруге арналған есірткі зертханасын ұйымдастырған тұрғын анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Әуелі Екібастұз қаласының лаундж-барының кассирі жедел қызметкерлердің назарына іліккен. Ол ұзақ уақыт бойы осы барға келушілерге есірткі заттарын сатумен айналысқан.

Кейін полиция қызметкерлері қаланың екінші тұрғынын анықтады. Ол жалға алу үй-жайында қарасора өсіру үшін есірткі зертханасын ұйымдастырған болып шықты. Лаундж-бардың әкімшісі одан есірткі заттарын ірі мөлшерде сатып алатыны белгілі болды.

Нәтижесінде екі қылмыскер де қолға түсті.

Тінту кезінде олардан буып-түйілген және сатуға дайындалған есірткі құралдары, 4 млн теңгеден астам ақша, күдіктілердің біріне тиесілі қымбат автокөлік тәркіленді.

Ұсталған адамның гаражынан ер адам ыдыста өсірген ерекше иісі бар жасыл өсімдіктің 30 бұтасы, арнайы сұйықтығы бар контейнерлер, минералды тыңайтқыштар, фитолампалар, климаттық бақылау қондырғысы және есірткі зертханасына арналған басқа да жабдықтар табылған.

Азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.