• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Бокс 13 Наурыз, 2025

Елдана Талипова сербиялық қарсыласын ұтты

56 рет
көрсетілді

Бокстан Ниш (Сербия) қаласында жалғасып жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалында тағы бір спортшымыз жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

+81 келідегі Елдана Талипова 1/4 финалда шаршы рингтің қожайыны Сара Милжковичпен жолы түйісті. 2-раундта төреші жерлесіміздің ұпайын алып тастаса да, Елдана Талипова соңғы секундқа дейін барынша жұдырықтасып, қарсыласын 5:2 көрсеткішімен ұтты.