• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Мәдениет 18 Наурыз, 2025

Тарихи-мәдени мұраны цифрландыру жүргізіледі

30 рет
көрсетілді

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол қазіргі уақытта Министрліктің қолдауымен «Qazaq Culture» ақпараттық-ағарту платформасы жұмыс істейтінін атап өтті. Платформа 8 тілде жұмыс істейді. «Qazaq Culture» платформасы Қазақстанның мәдени құндылықтары туралы тек қазақстандық емес, сонымен қатар шетелдік аудиторияға да ақпарат таратады.

«Qazaq Culture» жобасын кеңейту жөніндегі жұмыстар шеңберінде еліміздің тарихи-мәдени мұрасының цифрланған объектілері, құнды экспонаттары мен сирек кездесетін жәдігерлері бар жеке модуль іске қосылады», деп түсіндірді Аида Балаева.