2012 жылы италиялық «Коста Конкордия» круиздік лайнері су астындағы жартасқа соғылып, апатқа ұшыраған еді. Таңғаларлығы, сол сәтте кемедегі мейрамханада Селин Дионның «My Heart Will Go On» әні шырқалып жатқан екен. Ал бұл ән – атақты «Титаник» фильмінің басты саундтрегі.
Иә, сәйкестік деген осы. Бұл оқиғаға қатысты тағы бір әсерлі дерек – «Коста Конкордия» кемесінен аман шыққан жолаушылардың бірі Валентина Капуано. Оның әжесі «Титаник» апатынан аман қалған, ал атасы сол жолы қаза тапқан. Осылайша, екі ұрпақ бір-біріне ұқсас екі түрлі теңіз апатын бастан кешірген.