Павлодар облысында Екібастұз қалалық соты Төтенше жағдайлар басқармасының бұрынғы басшысы Д. Куконевті 7 жыл 6 айға, оның орынбасары Ж. Майманов пен кәсіпкер Б. Жұмашевті 7 жылға соттады, деп жазады Egemen.kz.
Куконев пен Майманов Жұмашевтың кәсіпорнымен мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет көрсету шарттарын жасасқаны үшін жалпы сомасы 7,4 млн теңге параны бірнеше рет алғандықтан кінәлі деп танылған.
Сондай-ақ, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан және Куконев «азаматтық қорғаныс полковнигі», Майманов «азаматтық қорғаныс майоры» арнайы атағынан айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.