• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Өшпес даңқ 08 Сәуір, 2025

Әлия Молдағұлова туралы мюзикл көрерменге жол тартады

90 рет
көрсетілді

Мерген қыздың 100 жылдығына орай, оның өмірі алғаш рет музыкалық пьеса болып өріледі. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

 

Әлия Молдағұлованың жарқын бейнесі жан-жақты жеткізілетін мюзиклде ерекше образдың бірі – «Ажал» кейіпкері батырдың тағдырымен бетпе-бет келіп, оның рухын сынау арқылы көрсетіледі. Тарихи биографиялық көріністе қаршадай қыздың қайсарлығы, Отанға махаббаты драмалық тартыстармен беріліп, әсерлі диалог тәсілдерімен жеткізіледі.

Жаңа мюзиклдің қоюшы режиссері – Есләм Нұртазин. Әлияның рөлін Ажар Жәрденбекқызы және Фатима Бердібекова сомдайды.

Мюзикл көрерменге 7 мамырда жол тартады.