• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Сәуір, 2025

Қазақстанның әйелдер құрамасы футболдан Арменияны ұтты

91 рет
көрсетілді

Футболдан УЕФА Ұлттар лигасының төртінші турында спортшы қыздар Армениямен шеберлік байқасты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астана Аренада» өткен матч 3:2 есебімен біздің қыздардың пайдасына шешілді. Бұл ойында Әмина Байбосынова (48, 55 минутта) дубль авторы атанса, тағы бір голды Әйгерім Айтымова (71 минутта) соқты. Қонақтардың сапында Нарине Давтян (63, 66 минутта) екі мәрте мергендік танытты.  

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жерлестеріміз Лихтенштейнді (4:0) ұтып, Армениядан (0:2) ұтылды. Ал Люксембургке (2:2) қарсы кездесу тең аяқталды.