• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 12 Сәуір, 2025

Ғарыштағы 342 күн

70 рет
көрсетілді

Талғат Мұсабаев – еліміздің екінші ғарышкері.

Ата-анасы Талғат Бигелдинов ағасын­дай батыр болсын деп, есімін ырымдап қойған екен. Бала Талғат та ағасы сияқты батыр, одан кейін Юрий Гагарин сияқты ғарышкер болуды армандап өскен. Талғат Аманкелдіұлы сол арманына 43 жасында қол жеткізді. Ол ғарышқа бір емес, үш рет ұшқан. 1994 жылы алғаш рет ұшқанда 126 күнді, 1998 жылы 208 күнді, 2001 жылы 8 күнді сонда өткізген. Тіпті бір ай ішінде бес рет (30 сағат 8 минут) ашық ғарышта болған сапары үшін ол Гиннестің рекордтар кітабына енген.