• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Сәуір, 2025

Нұра ауылында су тасқынынан кейін мектеп салынды

0 рет
көрсетілді

Ырғыз ауданына жұмыс сапары кезінде өңір басшысы Асхат Шахаров былтырғы су тасқынынан зардап шеккен Нұра ауылындағы пайдалануға берілген жаңа мектепті аралап, ұжыммен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аудан орталығынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан Нұра елдімекені былтырғы Торғай мен Ырғыз өзендерінің тасуынан қатты зардап шегіп, бірнеше тұрғын үй мен Темірбек Жүргенов атындағы орта мектеп ғимараты су астында қалды. Жаз ортасына дейін су ортасында қалған мектеп ғимараты мүлде жарамсыз жағдайға жетті.

Баспаналары суға кеткен тұрғындарға Нұра ауылының іргесіндегі Сарыоба деген қыраттан бірнеше үй салына бастағанда, жеке инвестор «Қуанышбек» ЖШС-і есебінен 100 орындық мектеп құрылысы басталып, аз уақытта пайдалануға берілді. Сонымен қатар мектеп жанында бүлдіршіндерге арналған орталық та салынды.

Қазіргі кезде 105 оқушы жаңа мектепте оқу жылын аяқтауға жақын. Нысан алдағы уақытта мемлекеттік меншікке алынбақшы. Нұра елдімекенінің тұрғындары жаңа баспанада тұру мүмкіндігіне ие болған қуаныштарын жеткізе отырып, көктемгі-күзгі лайсаңда жүруге мүлде жарамайтын «Ырғыз-Нұра» тасжолын жөндеуді сұрады. Өңір басшысы ауылішілік жолды жөндеу жақын аралықта жоспарға енгізілетінін, онымен қоса Нұра ауылында мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория салынатынын айтты. 

Ақтөбе облысы.