• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 22 Сәуір, 2025

7 секундта – диагноз

30 рет
көрсетілді

Медицина мен технологияның тоғысқан тұсында жаңа буынның батыл қадамы ерекше көзге түседі. АҚШ-тың Даллас қаласында тұра­тын Сиддарт Нандьяла есімді жас­өспірім – соның айқын дәлелі. Жасы небәрі он төртте болса да, Нандьяла жүрек ауруларын ерте анықтайтын «Circadian AI» атты мобильді қосымша жасап шығарған.

Бұл – қарапайым смартфонның ­микрофоны арқылы жүрек қағысын не­бәрі 7 секунд ішінде жазып алып, жасанды интеллектінің көмегімен жүрек ауруын 96% дәлдікпен анықтайтын инновация­лық жоба. Ең қызығы, бұл үшін арнайы меди­циналық құрал-жабдық, сым немесе дәрігердің көмегі қажет емес. Сиддарт Нандьяла – «Oracle» мен «ARM» компания­ларынан жасанды интеллект саласы бойын­ша ресми сертификат алған әлемдегі ең жас маман.