• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2025

Жаңа техникамен толықты

30 рет
көрсетілді

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің автопаркі 20-дан астам жаңа техникамен толықты.

Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімінің жеке құрамына жаңа арнайы техни­калардың кілтін тапсыру рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қатысты.

Облыс құрылғалы бері өңірге 28 өрт сөндіру техникасы мен 24 инженерлі техника берілген. Салтанатты жиында құтқару қызметінің қажеттіліктеріне арналған 23 техниканың кілті жүргізушілерге тапсырылды. Олардың қатарында жоғары өтімді жүк көліктері, арнайы құт­қару машиналары мен «Трэкол» көлігі бар.

«Біздің аймақ – орманды-далалы, өрт қаупі жоғары өңір. Сондықтан бұл салада еңбек етіп жүрген азаматтарға артылар жүк те, сенім де мол. Олар – ан­тына адал, сертіне берік, елдің аман­дығын бәрінен жоғары қоятын азаматтар. Сол тұрғыда оқыс жағ­дайларға қашанда дайын болу мақсатында қажетті қауіпсіздік техникаларды кезең-кезеңімен толықтыру тұрақты назарда болатынын да баса айтқым келеді», деді өңір басшысы салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде.

Төтенше жағдайлар министрі Ш.Әрінов жаңа техникалардың құтқарушылар жұмысына үлкен серпін беретініне сенім білдірді. Іс-шара соңында облыс әкімі Төтенше жағдайлар министрімен бірге Құтқарушылар аллеясына шырша көшеттерін отырғызды.

 

Абай облысы