Астана қаласының әкімдігі қалада 21 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшірілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жылу алдымен тұрғын үйлерде, кейін әлеуметтік нысандар мен әкімшілік ғимараттарда өшірілді.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Астанада 22 сәуірде жаңбыр жауып, күндіз термометр 23 градусқа дейін көтерілсе, түнде 9 градусқа дейін салқындайды.
Синоптиктер атмосфералық фронттардың өтуімен бүгін елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, жауын-шашын, солтүстік және орталық аймақтарда үсік жүретінін болжады.