• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс 23 Сәуір, 2025

Қызылордада алаяқ әйел ұсталды

30 рет
көрсетілді

Қала тұрғыны  «қызыңды жұмысқа тұрғызып беремін» деген танысына 800 мың теңгесін санап берген, деп жазады Egemen.kz.

Қызылорда полициясына төрт ай бойына уәдесін орындамаған, не алған ақшасын қайтармаған әйелдің үстінен арыз түскен.

Полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде  алаяқтық дерегімен бұрын жауапкершілікке тартылған 39 жастағы әйелді ұстады.

Қазір тергеу басталып,  қамауға алынған күдіктінің басқа да оқиғаларға қатыстылығы тексеріліп жатыр.