• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Сәуір, 2025

«Ертіс орманы» резерватының бұрынғы басшысы 12 жылға сотталды

50 рет
көрсетілді

«Ертіс орманының» бұрынғы директоры ағаштарды кесіп, отын ретінде сатқаны үшін бас бостандығынан айырылды,  деп хабарлайды Egemen.kz. 

Павлодарда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Ертіс орманы» қорығының бұрынғы бас директоры мен үш қызметкеріне қатысты үкім шығарды.

Сотталушыларға ағаш ұрлау, пара алу, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу сияқты айыптар тағылды. Тергеушілердің мәліметінше, іс бойынша айыпталушылар 2022-2023 жылдар аралығында отын мен өндірістік ағашты желеу етіп, ормандарды кесіп, сатуды ұйымдастырған.

Мемлекеттік айыптау тарапының мәліметінше, мемлекетке келтірілген шығын шамамен 153 миллион теңгені құраған.

Сот төртеуін де аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, «Ертіс орманы» серіктестігінің бұрынғы бас директорын 12 жылға, оның қарамағындағы үш қызметкерді 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Тергеушілердің айтуынша, аса ірі көлемде ағаш ұрлауға сыбайлас болған 58 жастағы сотталушы үш жылға сотталды. Ол сот залында қамауға алынды.

Еске салайық, «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының бұрынғы басшысы 2024 жылдың қаңтарында қамауға алынып, оның қарамағындағы үш қызметкер кейін қамауға алынған еді.