Маутинбайктан Азия чемпионаты аяқталды. Байрақты дода – Қытайдың Гуйчжоу қаласында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Айта кетейік, маунтинбайк – бұл таулы аймақтар, орман және тас жолдары бойынша жүруді қамтитын велосипед спортының түрі, оның кросс-кантри, фрирайд, эндуро, «спидбол», агрессивті «слоупстайл» секілді дисциплиналары бар, әрқайсысы әртүрлі трассалар және күрделілік деңгейлері бойынша бөлінеді.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, аталған жарыста аралас командалар арасындағы эстафетада Қазақстан құрамасы екінші орын еншіледі. Сондай-ақ, кросс-кантри дисциплинасында Денис Сергиенко күміс жүлдеге қол жеткізді.