• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Білім 28 Сәуір, 2025

Жұбанов пен Heriot-Watt университеттері Исламабадтағы көрмеге қатысты

100 рет
көрсетілді

Қ.Жұбанов  атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Heriot-Watt университеті Ақтөбе кампусының оқытушылары мен студенттері Исламабадта өтіп жатқан «Study in Kazakhstan» көрмесіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің  Ғылым және жоғары білім министрлігі  Исламабадта ұйымдастырған көрмеге  Қазақстанның бірқатар жетекші жоғары оқу орындары қатысты.

Жұбанов университетінің Мансап және кәсіптік бағдарлау департаментінің директоры Әміре Жұмағазиев пен Heriot-Watt университеті Ақтөбе кампусының оқытушысы,  PhD  Kiani Muhammad Salman  талапкерлерге өңірлік оқу орнының білім беру бағдарламалары,  академиялық мүмкіндіктері,  халықаралық серіктестері мен  студенттерді қолдау жүйесі туралы хабардар етті.

Ақтөбе облысы.