• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 29 Сәуір, 2025

Собордағы ғарышкер

20 рет
көрсетілді

Испанияның Саламанка қаласын­дағы Жаңа кафедралды собор – XVI–XVIII ғасырларда салынған тарихи орындардың бірі. Бұл діни ғимараттың ерекшелігі, қабырға­лар арасынан скафандр киген ға­рыш­­кердің бейнесі байқалады.

Бір қарағанда бұл орта ғасырдан жеткен тылсым жұмбақтай көрінеді, бірақ іс жүзінде мұнда ешқандай да мистикалық сыр жоқ. 1992 жылы реставрация кезінде шеберлер өз дәуірінің белгісін білдіретін жаңа элемент қосуы керек болған. Сөйтіп, мүсіншілердің біреуі жаңа заманның белгісі деп ғарышкердің бейнесін қабырғаға қашап салған екен. Бүгінде бұл ерекше мүсін туристердің ең көп назарын аударатын айрықша орындардың біріне айналған.