Әлемдегі ең үлкен жүзу бассейні – Чилидегі Сан-Альфонсо-дель-Мар курортында салынған. Оның ұзындығы бір шақырымнан асады, ал ең терең жері – 3,5 метр.
Бассейн Тынық мұхитынан небәрі 200 метр қашықтықта орналасқан және оған су мұхиттан тартылып, арнайы сүзгіден өтіп, сорғымен айдалады. Сонымен қатар мұнда су температурасы тұрақты түрде 26 °C деңгейінде сақталады, бұл мұхит суынан 9 градусқа жылы.