• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Форум 29 Сәуір, 2025

Абу-Дабидегі Мәдениет саммиті

40 рет
көрсетілді

Мәдениет және ақ­парат министрі Аида Балаева Біріккен Араб Әмір­лік­терінің Абу-Даби қа­ла­сында өткен VII Мәдениет саммитіне қатысты.

Форумның негізгі тақы­рыптары жасанды интеллектінің мәдениет пен адам шығармашы­лығына ықпалы, сондай-ақ бей­бітшілікті нығайтудағы мәдени байланыстардың рөлі болды.

Пленарлық сессияда сөз сөйлеген Аида Балаева жаһан­дық тұрақсыздық жағдайында мәдениеттің ерекше маңызын атап өтті.

«Мәдениет тек өткеннің мұрасы емес, бұл – диалогтің тетігі, ұрпақтар, ұлттар мен діндер арасындағы көпір. Өркендеу дәуірінде де, қиын кезеңдерде де мәдениет рухты көтеріп, шабыттандырып, адамдарды біріктіріп отырды. Бүгінде де бұл – болашаққа апаратын сенімді тірегіміз әрі елдер арасындағы өзара іс-қимыл тетігі», деді министр.

Сонымен қатар Аида Балаева Қазақстандағы ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени әралуандық дәстүрлеріне тоқталды. Бүгін­де елімізде жүзден аса этнос өкіл­дері өз тілін, өнерін сақ­тап, бейбіт өмір сүріп келеді. Ми­нистр Мемлекет басшысы жа­рия­лаған «Әралуандықтағы бір­лік» қағидаты Қазақстандағы бей­­біт­шілік пен келісімнің берік не­гізіне айналғанын ерекше атап өтті.

Саммит жұмысына 90 елдің делегациялары қатысты. Халық­аралық жиын идея алмасу, гуманитарлық саладағы халық­аралық ынтымақтастықты және мәдениет арқылы бейбітшілікті нығайтуға бағытталған жаңа бас­тамаларды қалыптастыратын маңызды алаңға айналды.