• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Технология 29 Сәуір, 2025

Қазақстан бойынша теледидар мен радио өшіріледі

40 рет
көрсетілді

Қазақстанда 30 сәуірде жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты телерадио қызметі жұмыс істемейді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік хабарлағандай, телерадио хабарларын үзіліссіз әрі сапалы тарату мақсатында «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіп отырады.

«2025 жылғы 30 сәуірде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін телерадио хабарларын уақытша өшірумен кезекті профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», делінген хабарламада.