• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Марапат Кеше

Тілеухан Қабдрахманов «Достық» орденімен марапатталды

20 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүзеге асыруға, шет мемлекеттермен достық қарым-қатынастардың орнатылуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекет қайраткері, дипломатиялық қызмет ардагері Тілеухан Қабдрахманов І дәрежелі «Достық» орденімен наградталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тілеухан Қабдрахманов  1945 жылдың 29 сәуірінде қазіргі Абай облысы, Жаңасемей ауданы, Тереңқұдық ауылында дүниеге келген. 

1973 жылы Патрис Лумумба атындағы Халықтар Достығы Университетінің «экономика және халық шаруашылығын жоспарлау» мамандығы бойынша Экономика және құқық факультетін тәмамдаған.

1991 жылы КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Халық Шаруашылығы Академиясын экономикалық басқару әдістері бойынша жетекші маман мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1963 жылы Новгород телевизиялық зауытында слесарь-жинаушы болып бастаған.

1973-1978 жылдары-инженер-экономист, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарының бас маманы.

1978-1990 жылдары-Қазақ КСР Мемлекеттік Жоспары бөлімінің бастығы.

1990-1991 жылдары-Қазақ КСР экономика жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

1991-1993 жылдары-Қазақстан Республикасы Экономика жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі.

1993-1996 жылдары - Қазақстан Республикасының Франция Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі.

1996-2003 жылдары-Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2003-2006 жылдары-ҚР Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2006-2008 жылдары-ҚР Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2006-2008 жылдары-Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.