Сирек кездесетін жабайы жануар – аталған ұлттық табиғи парктің Аршаты орманшылығында тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан фототұзақ арқылы ҚР-ның Қызыл кітабына енгізілген қар барысы (Panthera uncia) бейнеленген бірегей кадрлар алынып отыр.
Сондай-ақ, қар барысы тағы бір фототұзаққа түсіп қалған.
«Катонқарағай ұлттық паркінің Алтай орманшылығының аумағында, Бүркітауыл мекенінде тіркелді. Фототұзақты орнатқан – ЖҚ жӨБ бастығы Е. Қасымов пен инспектор А. Шакенов», деп хабарланды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен.