Жарысқа 14 елден 60-қа жуық адам келген. Қазылар мұнда тек құстың үнін салғандарды ғана емес, олардың киім киісі мен шағалаға ұқсастығын да бағалайды. Жалпы, шағала су жағасында жүрген адамдардың тамағын ұрлайтындықтан көпшілікке аса ұнай бермейді. Ал чемпионатты өткізудегі мақсат – тұрғындар арасында құстарға деген құрметті, жанашырлықты арттыру. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Даниядан келген қатысушы иеленді.