• RUB:
    6.25
  • USD:
    516.16
  • EUR:
    584.86
Басты сайтқа өту
Банк Бүгін, 12:05

Қазақстанда несие алушылар саны артқан

30 рет
көрсетілді

Қазақстандағы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәлімдеуінше ел азаматтарына берілген кредиттер саны өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

2025 жылғы наурызда қазақстандықтарға берілген кредиттер саны 1,3% -ға ұлғайып, 21,4 млн теңгені құраған. Мұндай өсім тұтынушылық қарыздардың 1,9% -ға, 14,4 трлн теңгеге дейін ұлғаюымен түсіндіріледі.

Наурызда халыққа теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі тұтынушылық қарыздар бойынша мөлшерлеменің 19,1% -дан 20,4% -ға дейін артуына байланысты 19,7% -ға дейін өскен (2025 жылғы ақпанда - 18,6%).

Банктердің несие қоржынының сапасы жоғары болып қалып отыр. 1 сәуірге кредиттік портфельдің жалпы көлеміндегі 90 күннен астам мерзімі өткен кредиттердің үлесі шамалы ұлғайып, 3,4% құрады. Ақпан айында бұл көрсеткіш 3,3% болды.

Халықтың несиелері бойынша NPL90 + қарыздарының үлесі 4,2% немесе 894 млрд теңгені, бизнес несиелері бойынша 2,3% немесе 338 млрд теңгені құрады. Мерзімі өткен берешегі 90 күннен астам кредиттерді провизиялармен жабу деңгейі 67,1% құрады, бұл ретте 1 қаңтардағы көрсеткіш 67,0% болды.

Сондай-ақ, агенттікте банктердің таза пайдасы өскенін атап өтті. 2025 жылғы қаңтар-наурыз аралығындағы кезеңде банктердің таза пайдасы 664 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,6% -ға артық.