• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Мамыр, 2025

Халық рухын арқау еткен

40 рет
көрсетілді

Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған фотокөрме ашылды. Іс-шараны «Kazinform» халықаралық ақпараттық агенттігі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен бірлесіп ұйым­дастырып отыр.

Бір ғасырдан аса уақыт бойы ақпарат айдынында қызмет етіп келе жатқан агенттік көрмеде Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан көрінісін, жан аямай жұмыс істеген тылдағы отандас­та­рымыздың еңбегін, бейнетін бейнелей­тін бірегей мұрағат фотосуреттерін көрермен назарына ұсынды. Көрмеге қойылған фотосуреттердің кейіпкерлері – сарбаздар, жұмысшылар, дәрігерлер, ғалымдар. Олардың қатарында аты аңызға айналған ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов, Кеңес Одағының батыры, атақты мерген Әлия Молдағұлова, батыл пулеметші Мәншүк Мәметова, генерал-майор Иван Панфилов, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы және тағы басқалар бар.

Ұйымдастырушылардың дерегіне сүйенсек, осы сәттерден түсірілген көптеген сурет авторларының есімдері, өкінішке қарай, белгісіз. Сақталған есімдердің арасында В.Гребнев, Ю.Редкин, Галкин бар. Авторын анық­­тау жұмысы жалғасып жатыр. «Бар­лығы майдан үшін, бәрі жеңіс үшін!» ұраны сол сындарлы уақыттағы қазақ жұртының өмір салтына еніп, бірлік пен батылдық кезеңіне айналды. Соның нәтижесі болар, жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстан зауыттарында құйылған. Майданға 1500 вагон азық-түлік, киім-кешек жіберілді. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары 2 мил­лион жауынгер мен офицерді киім-кешекпен қамтамасыз етті. 78 ауру­ханада жаралылар емделген. Тек қор­ғаныс қорына еліміз 4 миллион рубльден аса үлес қосыпты. Ал ­1945 жылы студенттердің қаражатына салынған танк колоннасы Берлинге шабуыл жасауға қатысты.

Фотокөрме «Нұрлы жол» вокза­лының Орталық күту залында өтіп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар