• RUB:
    6.39
  • USD:
    518.53
  • EUR:
    588.17
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 15:48

Qazaq Air әуе компаниясы атауын өзгертеді

10 рет
көрсетілді

Qazaq Air әуе компаниясының атауы енді VietJet Kazakhstan болып өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Келісімге Қазақстан мен Вьетнам арасындағы іскерлік дөңгелек үстел аясында қол қойылды. «Мәміле жекешелендірудің кешенді жоспары аясында жүзеге асты. Сатып алушы — SOVICO Group компаниясы. Мәміленің кейінге қалдырылған барлық шарттары орындалды, төлем толық қабылданды, ал акциялар инвестордың есепшотына аударылды», деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Айта кетейік, вьетнамдық компания Қазақстандағы әуежайды сатып алуды жоспарлап отыр. Вице-премьер Серік Жұманғариннің сөзіне қарағанда, жуырда Qazaq Air әуе компаниясын сатып алған вьетнамдық SOVICO Group Қазақстандағы әуежайлардың бірін басқаруға алуға ниетті. Компания қарқынды дамып келеді, халықаралық келісімшарттары бар және Қазақстанды негізгі стратегиялық алаң ретінде қарастырып отыр.

Вьетнам Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі серіктестерінің бірі. 2023 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 879 млн доллар болды. Қазақстан Вьетнамға мырыш пен қорғасын экспорттаса, Вьетнамнан техника мен дайын өнімдер импорттайды. Сонымен қатар, елімізде Вьетнамнан келген ірі инвесторлар жұмыс істеп жатыр.